Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Атырау облысында жеңіл және жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Жол апатының салдарынан жеңіл көліктің жүргізуші мен екі жолаушысы мерт болды.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 30 қарашада болған.
"Жергілікті уақытпен түнгі сағат 22:45 шамасында Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы тас жолының 424-шақырымында екі көлік соқтығысты. Оның бірі – 1966 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан ВАЗ – 2114 автокөлігі. Ал, екіншісі – Iveco жүк көлігі. Бұл көліктің рульінде 1991 жылғы азамат болған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының себебін анықтауға кірісті. Қазір тиісті іс-құжаттары жинақталып жатыр.