Bugin

Ұлттық банк телефон алаяқтығының жаңа түрі пайда болғанын ескертті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Қазақстан Ұлттық банкі жасанды интеллектті пайдалана отырып жасалатын телефон алаяқтығының жиілеп кеткенін ескертті, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Ұлттық банктің 2023 жылғы 1 желтоқсан күні ресми сайтында жарияланған хабарламада былай делінген:

"Алаяқтар кез келген адамның жақын туыстары мен таныстары туралы ашық дереккөздерден алдын ала ақпарат жинайды. Бұл дереккөздер – әлеуметтік желілер, қорғалмаған дерекқорлар мен интернетте орналастырылған дербес мәліметтер. Бұдан әрі олар дауыстық деректердің жазбасын жасау үшін белгісіз немесе анонимді телефон нөмірлерінен қоңырау шалады".

Ұлттық банк өкілдерінің мәлімдеуінше, қаскөйлер алынған дауыстық жазбалар мен жасанды интеллект көмегімен өңделген бағдарламаларды пайдалана отырып, дербес деректерді немесе ақшалай қаражатты алу мақсатында өздерін алаяқтық құрбаны болатын адамның туыстары немесе жақындары ретінде таныстырады.