Bugin

"Әлемдегі ең бақытсыз піл" қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: The Independent

Филиппинде 30 жылдан астам жалғыз өмір сүруге мәжбүр болған "әлемдегі ең бақытсыз піл" қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Филиппин астанасы Маниладағы хайуанаттар бағында Вишва Маали немесе қысқаша Мали деген піл өмір сүрді. Ол шамамен 43 жыл өмір сүрген, бірақ оның нақты жасы белгісіз.

Бұл жануар 30 жылдан астам уақыт бойы осы хайуанаттар бағында жалғыз піл болғаны үшін де танымал. Сол себепті "People for the Ethical Treatment of Animals"(PETA) қайырымдылық ұйымы Малиді "әлемдегі ең бақытсыз піл" деп атады.

Мали Филиппинге 1988 жылы Шри-Ланкадан елдің сол кездегі бірінші ханымы Имельда Маркосқа сыйлық ретінде әкелінді. Піл өзінің алғашқы айларын Манила хайуанаттар бағында Шива есімді басқа пілмен бірге өткізді.

Бірақ 1990 жылы Шива өлді, содан бері Мали Манила хайуанаттар бағында өз түрінің жалғыз өкілі болды, өйткені мекеменің басқа піл сатып алуға ақшасы болмаған.