Bugin
Фото: pexels.com
Тұрғын өз пәтерінен ұлының мәйітін тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.
1 желтоқсанда Қаратау ауданының полиция басқармасына 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын өз пәтерінде ұлының мәйітін тапқаны туралы хабарлады.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы мойын аймағында кесіліп-тесілген жарақатымен 28 жастағы азаматтың мәйітін анықтады.
Жайт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен “адам өлтіру” қылмыстық іс тіркелді.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен ауыр қылмысты жасаған кінәлі тұлғаны анықтап, ұстауға бағытталған барлық қажетті іс-шаралар жүргізілуде.