Bugin

Алматылық ер адам өмір бойына сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Алматылық ер адам өмір бойына сотталды, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы  stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір Руслан Күлекбаев жазасын Қостанай облысындағы "Қара бүркіт" қатаң режимдегі колониясында өтеп жатыр. Карцерде кітап оқиды. Оған анасы мен балаларын көруге рұқсат етілген.

“Күлекбаев мекемеге келген кезде мінезі тұйық болды. Радикалды мінезі оңалмаған күйде болды. Басқа адамдармен байланыспай өзі оқшау отырады. Тек мекеменің қызметкерлерімен ғана. Кейде психологтармен және теологтармен сөйлеседі”, – дейді колония басшысы Дархан Нұрекешев.

Журналистермен сұхбатында Күлекбаевтың өзі күнә жасағанын айтып, оны мойындады. Журналистердің сұрақтарына жауап берген ол көз жасына ерік те жіберді.

“Менің сотта не айтқанымды бәрі біледі. Мен сонда: “О Аллахи, Субханаллах, мені тіпті ату жазасына емес, одан да қатты жаза қолданса да ол мен үшін түкке тұрмас” дедім. Мен ол кезде ештеңеден қорықпадым. Сол кезде есіме алсым, өзімнің қандай қатігез болғанымды ойлаймын. Күнә жасаған сәтте менің жүрегім қатайып, қап-қара болып кетті. Мұның үлкен күнә екенін мен кеш түсіндім”, – дейді Күлекбаев.

Ол Алматыда халықты жаппай атып жатқан кезде жағдайының қандай болғанын да жасырмай айтты.