Bugin
Фото: pexels.com
Алматыдағы хостелден шыққан өрт кезінде қаза болған ресейлік азаматтың жеке басы анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы
РИА Новостиге сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта оның денесін туған жеріне жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Саха (Якутия) Республикасының сыртқы байланыстар және халықтар ісі министрі Гаврил Кириллин мәлімдеді.
"Алматыдағы хостелден шыққан өрт кезінде якут Герман Андреев көз жұмды. Ол – Жиганск тумасы. Қазақстанға 2023 жылдың 5 сәуірінде келген. Қазіргі кезде оның денесін тасымалдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Туған жеріне жеткіземіз. Ресей сыртқы істер министрлігі көмек көрсетуде", - дейді Гаврил Кириллин.
Сонымен қатар ол өзі басқаратын ведомство марқұмның отбасына барлық қажетті көмекті көрсететінін атап өтті.