Bugin

Алматыда хостелде қаза тапты деген студент тірі болып шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда хостелде қаза тапты деген студент тірі болып шықты, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы  stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Сарыағаш ауданы Дербісек ауылы әкімінің орынбасарының айтуынша, 20 жастағы Рамазан негізінде Шымкенттегі медреселердің бірінде білім алады. Ол Алматыға ақша табу келген. Солай арзан баспана тауып орналасқан. Қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын жігітке ата-анасы Ташкентке бірге тексеруден өту үшін үйіге оралуын сұраған. Қазір Рамазан өз үйінде ата-анасының жанында.

Ал Түркістан облысының Қазығұрт ауданында хостелдегі өрттен қаза тапқан 20 жастағы Бейбарыс Әлдібек жерленді. Жігіт Алматыға ерекше қажеттілігі бар ата-анасына қаржылай көмектесу үшін жұмысқа келген. Ол отбасына бірнеше күннен кейін үйге оралатынын айтып уәде берген.