Bugin

Шахта шабуылынан тоғыз адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Перуде шахта шабуылы болды, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Перуде қарулы адамдардың Патас провинциясындағы шахтаға жасаған шабуылы салдарынан кемінде 9 адам қаза тауып, 15 адам жараланды. Бұл туралы сенбі күні елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. 

"Либертад аймағының Патас провинциясында орналасқан "Подероса" тау-кен компаниясының нысандарына қарулы қылмыскерлер тобы кіріп, компанияның қауіпсіздігімен қақтығысты, сонымен қатар төрт адамды кепілге алды", - делінген хабарламада. 

Ведомствоның мәліметінше, қылмыскерлер шахта ішінде жарылғыш затты іске қосып, нәтижесінде 9 адам қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алған. 

"Полиция жағдайды бақылауға алды. Әзірге жеті қылмыскер ұсталып, қару-жарақ тәркіленді", - деп хабарлады министрлік. 

RPP радиостанциясының хабарлауынша, шабуылды ұйымдастырды деп Венесуэлада шыққан Трен де Арагуа қылмыстық тобы күдікке ілінген.