Bugin

Жетісу облысында жылқы адам өліміне себеп болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Жылқының жолға шығып кетуінен жол апаты орын алды, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты 3 желтоқсанда таңертең Сарқан қаласының шыға берісінде Audi A8 автокөлігінің қатысуымен болды.

Аталған көлік кенеттен жолға шауып шыққан жылқымен соқтығысқан. 

Audi А8 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Шетелдік көлікте жолаушы ретінде болған 54 жастағы ер адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды. 

Қазіргі уақытта полицейлер жануардың иесін анықтауға кірісіп кетті.