Bugin

Хостелде қаза тапқан 19 жастағы жігіттің анасы желіде жазба жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда хостелде өрттен қаза тапқан Никита Королевтің анасы желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Анасының айтуынша, ұлы Ақтауға үйіне ұшуға бір күн қалғанда қайғылы оқиғаға тап болған. 

“Ол менің жалғыз ұлым. 24 желтоқсанда 20 жасқа толар еді. Мен оны көрмегеніме 1,5 жыл болып еді. Ал бүгін оны соңғы рет құшақтадым. Бұл өмірде немере-шөберелі болатыныма сенімді едім. Балаларыңыздың өмірге құрған жоспарлары ата-анасына өмір сүруге басты себеп. Менің қазір ондай жоспарым жоқ. Бұл қайғыдан қалай шығуға болатынын білсеңіздер айтыңыздар. Менде үміт етер ештеңе қалған жоқ", - деп жазды Евгения Вегер.