Bugin

Дәрігер ұзақ уақытқа созылған жөтелден қалай құтылуға болатынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Фтизиопульмнология және жұқпалы аурулар ұлттық медициналық ғылыми орталығының пульмонологы Евгений Попов ұзаққа созылған жөтелді емдеуге не көмектесетінін айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Российская газета" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жылы суды жиі ішу қақырықтың бөлінуіне көмек береді. Қақырық сұйықтықтан түзіледі. Ал егер адам суды аз ішсе, қақырықтың түзілуі тоқтап, жөтел ұзарады", - деп түсіндірді маман.

Дәрігердің айтуынша, бөлмедегі ауаны ылғалдандыру әсіресе жылыту маусымында, үй ішіндегі ауа өте құрғақ болғандықтан маңызды. Жылыту маусымында үй ішінде тыныс алу жолдарының шырышты қабығын құрғап, қалыпқа келуге кедергі жасайды.

Попов әркімде жөтел түрліше болатындықтан дәрігерден кеңес алып, дәрі ішкен дұрыс болатынын ескертеді.