Bugin
Фото: sports.kz
Қазақстандық боксшы Айсұлу Мұхит 2023 жылы Ереванда (Армения) өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалында бақ сынады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Айсұлу Мұхит 66 келі салмақта финалдық кездесуде Румыния өкілі Амалия Тугуимен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық бойжеткен әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды. Бұл Қазақстан құрамасының үшінші алтыны болды. Оған дейін Аяжан Сыдық (54 келі) пен Толғанай Қасымхан (60 келі) жеңімпаз атанды. Бүгін, 4 желтоқсанда тағы бір қазақстандық боксшы Нұрасыл Төлебек (54 келі) алтын үшін жұдырықтасады.