Саясат

Еуропалық сот: Мұхаммед Пайғамбарға тіл тигізу сөз бостандығына жатпайды

Сот үкімін шығарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот «аустриялық» азаматтың Хазіреті Мұхаммед Пайғамбарымызға (с.а.у.) тіл тигізуін сөз бостандығына жатпайтындығы туралы үкім шығарды. Яғни, Пайғамбарымызға тіл тигізу сөз бостандығына да, пікір бостандығына да жатпайтындығын мәлімдеді. 

Аустрияда 2009 жылы «Исламның негізгі элементтері» атты семинарда 47 жастағы «аустриялық» азамат өзінің баяндамасында Пайғамбарымызға қарсы қорлау сөздер қолданған болатын. 2011 жылы жергілікті сот оған діни оқытуды қорлады деген айыппен 480 еуро көлемінде айыппұл салған еді. Бұл жазаға қарсылық танытқан «аустриялық» азамат Жоғарғы сотқа шағымданады. Алайда, Жоғары сот та оның бұл арызын қабылдамаған. Соңында шағымданушы Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа жүгінеді. Ал, Еуропалық сот Пайғамбарымызға (с.а.у.) қарсы айтылған қорлау сөздердің Адам құқықтары келісімінің пікір бостандығына қатысты 10-бабына сәйкес келмейтіндігіне бірауыздан дауыс беріп, өз үкімін шығарды.

Дереккөз: kazislam.kz