Bugin

Төрт ай бойы із-түзсіз жоғалған адам табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Instagram / volontery_lider.kz_almobl

Төрт ай іздеуден кейін ер адам Алматы облысы Талғар ауданында табылды, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.

Жоғалған ер адам болуы мүмкін барлық жер мұқият қаралған. Оның "оңай" картасына талдау жасап, автобустарға төлем жасап жүргені анықталған. Талғар ауданы полиция департаментінің қызметкерлері сол белгі бойынша Ертай Сырғабаевты іздеп тапқанын  Lider.kz еріктілері хабарлады.

Ер адам 2023 жылдың 21 шілдесінде жоғалып кеткен. Ол Талғар ауданы, Жаңалық ауылының Қазанғап көшесіне орналасқан үйінен кетіп, қайта оралмаған еді.