Bugin
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Ержан Сейітқұлов Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорда ресми сайтында:
"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - деп хабарланған.
Ол - Қазақстандық математик, физика-математика ғылымдарының кандидаты, ақпараттық қауіпсіздіктің математикалық мәселелері саласындағы маман, Лев Гумилев атындағы ЕҰУ ақпараттық қауіпсіздік кафедрасының профессоры және Ақпараттық қауіпсіздік және криптология ғылыми-зерттеу институтының директоры.