Bugin
Фото: depositphotos.com
Қостанай облысында заңсыз балық аулау фактілері анықталды. Жалпы 160 әкімшілік іс қозғалып, 2 725 500 теңге айыппұл салынған. Балық инспекциясы 11 айдағы жұмыс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
Қостанай облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының басшысы Дәуіт Тәжібаев:
"Атап айтқанда, Халвай аймағында уылдырық шашатын аумақта тыйым салынған құралдарды пайдаланып, заңсыз кәсіптік балық аулау әрекетін тоқтаттық", - деп түсіндірді.
Баяндамашы биылғы жылы басқарма жұмысына тұрғындар белсенді түрде үлес қосып жатқанын атап өтті. Осылайша, Рудный тұрғындарының айтуынша, Тобыл өзенінде заңсыз балық аулаудың төрт фактісі анықталған.
Әлеуметтік желілерді үнемі қадағалап отыру да өз жемісін беруде. Мәселен, биыл облыстың екі тұрғыны TikTok желісіне жүктеген видеосы үшін жазаланды. Видеода заңсыз балық аулау белгілері болған. Айыппұл көлемі 34 500 теңгені құрады.