Bugin
Фото: depositphotos.com
ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаментінің «Қиялы» шекара заставасында келісім-шарттағы сарбаз ауызша жанжалдың салдарынан әріптесіне қарудан оқ жаудырған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Orda.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ақтөбе гарнизонының әскери прокуроры ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болғанын хабарлады.
Ролан Жанысбаевтың айтуынша, қазір әскери тергеу басқармасының қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Қақтығыстың нақты неден шыққаны және әскери қызметкерлердің мәліметтері тергеу мүддесі үшін айтылмайды. Екі әскери қызметкердің де келісім-шарт бойынша жұмыс істегені және Ақтөбе облысының тумасы екені белгілі.
Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық іс бойынша күдікті қамауға алынды.