Bugin

"Құлыбаевтардың компаниясы". Halyk bank-тің жаңа тәуелсіз директоры сайланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан кадр

Жақсыбек Құлекеев "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Директорлар кеңесі құрамына кіріп, тәуелсіз директор болып тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ кеңес құрамынан Мәжит Есенбаев өз өтінішімен шығарылып, Жомарт Нұрабаев "АЛМЭКС" холдинг тобы АҚ өкілі ретінде кірді.

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлерінің 2023 жылғы 1 желтоқсандағы кезектен тыс жиналысында шығарған шешімі бойынша, директорлар кеңесі 8 адамнан тұрады.

Құлекеев банктің акцияларына иелік етпейді. Ол бұған дейін "Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес" атты кітапты екі айда жазып шыққан болатын.