Bugin

Балабақшада тәрбиеші баланы жұлқып, қатігездік танытқан (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Алматыда балабақшасында балаға қатігездік танытқан тәрбиешінің видеосы жарияланды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Оқиға "Чудо сад" жеке балабақшасында болған. Жәбірленген баланың ата-анасы 30 қарашада Наурызбай ауданының полиция басқармасына жүгінген.

Алматы қалалық білім басқармасының өкілдері:

"Қазіргі уақытта Наурызбай аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеу органы қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Тәрбиеші мен оның көмекшісі тергеу аяқталғанға дейін қызметтен шеттетілді", - деп хабарлады.

Басқарма мәліметінше, тәрбиеші мен оның көмекшісі қызметтен шеттетілген.

Оқиғаны мына сілтемеден көре аласыздар.