Bugin

Шымкентте 28 жастағы ұлының өліміне әкесі күдікке ілінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com/ru

Шымкентте 28 жастағы жігітті пәтерде өз әкесі өлтірген болып шықты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйден 28 жастағы жігіттің денесін анасы тауып алған. Әйел адамның айтуынша, айналасы қып-қызыл қанға толы болған. 

Оқиға орнына келген сот-медицина сарапшылары жігітте тіліктер болғанын анықтаған. Қылмысқа күдікті марқұмның әкесі болып шыққан. Бұл жайттан кейін күдікті қашып кеткен. 

Қаратау ауданының полиция басқармасының басшысы Данияр Плалов:

"Бұл дерек бойынша "Адам өлімі" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр", - дейді. 

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында. Полиция мәліметінше, күдікті психологиялық ауруларға байланысты есепте тұрады.