Bugin

Оқушылардың қысқы, көктемгі каникулға қашан шығатыны хабарланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Оқу-ағарту министрлігі бекіткен құжатқа сәйкес, орта білім беру ұйымдарында екінші тоқсанның аяқталуы, яғни оқушылардың қысқы каникулға шығу уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz поталы Egemen.kz - сілтеме жасап.

Қысқы каникул 2023 жылдың  29 желтоқсанынан 2024 жылдың 7 қаңтарына дейін болады. Ал көктемгі каникул 2024 жылғы 21 наурыздан 31 наурызға дейін жалғасады.

1-сынып оқушылары үшін 2024 жылғы 5-11 ақпан күндері  аралығында қосымша бір апталық  демалыс  беріледі. Оқу жылы биыл  25 мамырда аяқталады.