Bugin
Фото: Sputnik / Виталий Аньков
Университеттер студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге міндетті болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
"Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап біз заңға өзгертулер енгіздік. Енді университеттерге жаңадан қабылданған студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуді 100 пайыз, жалпы 70 пайыз қажеттілікті өтеуге қатаң талаптар қойылады. Бұл заң талабы болмақ. Әрі міндетті талап лицензия беру кезінде ескеріледі", – деді министр.
Сондай-ақ, ол талапты орындамаған жоғарғы оқу орындарының жұмысы тоқтатылатынын ескертті.