Bugin

Оралда тергеу изоляторында 63 жастағы ер адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Орал қаласында тергеу изоляторында 63 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ер адам ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес айыпталып, қамауда ұсталып, камерада отырған.

"Өлімнің алдын ала себебі – ми тамырларының атеросклерозы. Нақты себебі сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққанан кейін анықталады",- деп хабарлады ведомстводан.