Bugin

Екібастұзда төртінші қабаттан құлаған ер адамның жағдайы не болды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Екібастұзда төртінші қабаттан құлаған ер адам көз жұмды, полиция тергеуді бастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 желтоқсанда сағат 22:16-да жоғарыдан құлау фактісі туралы шақырту түскен. Медициналық топ оқиға орнына бес минутта жеткен. 

"44 жастағы ер адам өмірмен сәйкес келмейтін жарақат алу салдарынан қайтыс болған", - деп хабарлады жедел жәрдем станциясы.

Екібастұз полиция басқармасы аталған фактіні тіркеді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр