Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Алматыда 29 қарашада ер адам түнде үйінен шығып, жоғалып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Әйелінің айтуынша, оған Талғардан SOS сигналы келген.
Жоғалған 34 жастағы алматылық Тимур Поповтың әйелі күйеуінің 30 қарашаға қараған түні жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін айтты.
"Алматыда Назарбаев даңғылы бойында тұрамыз. Түнде балалармен ұйықтап жатқанда ол үйден шығып кеткен. Ол ештеңе ескертпеді, ешкімге қоңырау шалмады, жазбады, достарының ешқайсы білмейді. Күртешесін киіп, бас киімін де алмай, үйден шығып кеткен. Келесі күні таңғы сағат 3-те оның iPhone телефонынан Талғардағы геолокациясы көрсетілген SOS сигналын алдым. Осыдан кейін телефон өшіріліп, қайта қосылмады. 1 желтоқсанда Алматы Медеу ауданының полициясына арыз жаздық, содан бері күйеуімнен еш хабар жоқ", – дейді жоғалған ер адамның әйелі Алина.