Bugin

Абай облысындағы тасжолда полицей қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Жол-көлік оқиғасынан полицей қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады.

Абай облысындағы Курчатов-Семей тасжолында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды. Видео авторы барлығы бір минутта болғанын айтты. Көліктердің бірінің жүргізушісі басып озғаны сол еді, бір минутта оның көлігі жолда түтіндеп тұрды. Оқиға куәгері көлікте болған жәбірленушілердің бірін шығарып алғанын айтты.

"Мен көліктен шығарып алған жігіт қаза болды", - дейді видео авторы.