Bugin

Алматыда автокөлік оқушылар автобусымен соқтығысты (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

Алматыда мектеп автобусының қатысуымен жол апаты болды. Апат кезінде көлікте балалар болмаған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі BaigeNews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жол апатынан зардап шеккен мектеп автобусының видеосы dorogi_almaty_official парақшасында жариялады. Басылымға берілген түсініктемеде жол апатының Жангелдин көшесінде болғаны айтылады. Автобустың қасында бампері мыжылған джип көлігін байқауға болады.

Оқыс оқиға туралы ақпаратты Жетісу аудандық білім бөлімі растады. Оның айтуынша, жол апаты 5 желтоқсан күні сағат 13.00-13.15 шамасында болған. Оқиға кезінде көлікте балалар болмаған.

"№2 мектепке 20 оқушыны жеткізгеннен кейін автобус Рысқұлова даңғылындағы тұраққа қайтып оралды. Автобус жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып, солтүстік бағытта автобус сызығымен келе жатқан. Қиылыста джип оқыс шығып, автобусты алдыңғы есік жағынан оң жағынан соққан. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады білім басқармасы өкілі.

Оқиғаның видеосын осы сілтемеден көре аласыз.