Bugin
Фото: pexels.com
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жер үй өртеніп, 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Глубокое ауданы Белоусовка кентіндегі Фабричная көшесінде өрт болды.
"Өрт сөндірушілер келген кезде жер үйдегі ағаш шатыр, бөлмелер ішіндегі жиһаздар мен жеке заттар отқа оранып жатты. Құтқарушылар ішке кіріп, бөлмелердің бірінен қимыл-қозғалыссыз жатқан 69 жастағы үй иесін тауып, сыртқа алып шықты. Сол жерде қарияны тексерген жедел жәрдем дәрігерлері оның мерт болғанын айтты", - делінген ақпаратта.
Көп ұзамай жалпы ауданы 20 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай сөндірілді. Алдын-ала дерек бойынша жалынның шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.