Bugin

Нәрестені ит талап өлтірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

АҚШ-тың Алабама штатында үш айлық нәрестені үй жануары – қасқыр мен иттің буданы өлтірді, деп хабарлайды  Bugin.kz тілшісі  Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Бала бейсенбі күні жануар салған жарақаттан қайтыс болды. Үй жануары сол жерде жойылды.

"Челсидегі баланы үй жануары өлтіргені және оның алған жарақаттан қайтыс болғаны расталды", - деді қала мэрі.

Құтқару қызметіне шамамен 13:00-де жануардың шабуылы туралы хабарлама келіп түскен. Сәби дереу ауруханаға жеткізілгенімен, артынша алған жарақатынан көз жұмғаны анықталды.

Полиция жануарды қасқыр мен иттің буданы деп сипаттады. Сәбидің отбасы оны үй жануары ретінде ұстаған. Қала мэрі оқиға кезінде үйде басқа да балалар болғанын айтты.

Дәл осындай оқиға 2018 жылы Вирджиния штатында да болған. Ол кезде қасқыр-ит гибриді сегіз күндік сәбиге шабуыл жасаған.

Қасқыр-ит гибриді дегеніміз не және оларды АҚШ-та үй жануары ретінде ұстау заңды ма?

Миннесотадағы Wolf Center халықаралық орталығының мәліметіне сәйкес, бұл – үй иті мен қасқырдың буданы.