Бір ауылда екі аптаның ішінде 20-ға жуық үй тоналған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: almaty.tv

Алматы облысы Қызылқайрат ауылында екі аптаның ішінде 20-ға жуық үй тоналды. Ауыл тұрғындары түнгі уақытта көше күзетіп, кезек-кезек рейдке шығып жүр. Бұл туралы Bugin.kz  тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Астаң-кестеңі шығып жатқан баспанаға ұрылар үй иесі жұмыста болған кезде түскен. Қопарып кеткен үйдің көрінісін халық бейнежазбаға түсіріп алған. Дәл осылай күдіктілер маңайдағы бірнеше тұрғынжайды тонаған.

Қызылқайрат ауылының тұрғыны Маржан Қалқаева:

"Үш қыз, екі ұлым бар. Алдынан шығып қалса, куәгер деп өлтіріп тастайды ғой. Мен есігімді бекітіп ұйықтап жатқанмын. Ал бекітілмесе, үйге де кірер ме еді?" - деді.

Дүйім ел үй тонаушылардың ұл-қызымызды зорлап кетпесіне кім кепіл деп алаңдап отыр.  Жұрттың айтуынша, олардың іш киімін ақтарып, ерсі әрекетке барғанына қарағанда, күдіктілердің психологиялық ауытқуы болуы мүмкін.

Қызылқайрат ауылының тұрғыны Кемелхан Мұхамеджан:

"Екі бірдей сауып отырған сиырымды ұрлап кетіп, төмен жаққа апарып басын кесіп, ішек-қарнын ақтарып тастаған. Газ қостырамыз деп тірнектеп жинаған 950 мың теңге, алтын бұйымдарымды тонап кетті. Полицияға айттық, әзірге еш нәтиже жоқ", - деді.

Ұры-қары көбейді деген халық бір айдан бері көшені күзетіп келеді.

Полиция департаменті Талғар аудандық Полиция басқармасының бастығы Рүстем Жарықбасов:

"Он күн ішінде 3 ұрлық жасалды. Бәрі тіркеліп тұр. Тергеу амалын жүргізіп, іздеп жатырмыз. Негізі, ұрлықты күндіз жасап жатыр", - деді.

Қызылқайрат ауылының тұрғыны Ербол Жамбы

"Қорқып қалдық. Жігіттер 4-5 күн болды, сағат 20:00- 03:00 аралығында рейдке шығып жүр. Алдыңғы күні 2, сосын 3 үйді тонап кетті. Кеше рейдте жүрсек, сағат 21:00 шамасында тағы бір үйге ұрлыққа түскен", - деді.

"Араға күн салып, ұры-қарыға жем болдық" деген жұрт жергілікті әкімдіктің де жұмысына наразы. Өйткені жарығы жоқ, жолдары жасалмаған қараңғы ауыл қарақшыларға қолайлы болып тұрғанын айтты.

Алатау ауылдық округінің әкімі Азамат Сейітов:

" Халық сенімін ақтау үшін жұмыс істеп жүрмін. Бір айдың ішінде 10-нан аса баспанаға ұрлық түскен. Бүгін-ертең бәрін шешіп, жарық қоямын деп айта алмаймын, арнайы процедурасы бар", - деді

Қызылқайратта қазір 8 мыңнан аса адам тұрады. Мәселе шешілмесе, облыс әкіміне баруға дайын.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61