Bugin
Фото: © iStock.com / Дидар Айтас
Екатеринбургтегі Солнечный шағын ауданындағы пәтерде қайнаған майы бар ыдыс жарылған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, күшті жарылыс кезінде үйде бір әйел болған. Ол майды қыздырғанда, өрт шыққан. Әйел қазанға суық су құығанда, салдарынан күшті жарылыс болған", - деді агенттік дереккөзі.
ІІМ Валерий Горелых бұл оқиғада қылмыс жоқтығы туралы мәлімет берді. Горелих жәбірленушінің денесінің 15 пайызын күйік шалып, ауруханаға жатқызылғанын айтты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Свердлов облысы бойынша бас басқармасының хабарлауынша, оқиға кеше жергілікті уақыт бойынша 18:09-да (Мәскеу уақытымен 16:09) Чемпиондар көшесіндегі көпқабатты үйде болған.
"Ғимараттан 27 адам, оның ішінде төрт бала өз күштерімен эвакуацияланған. Оқиға орнына үш бірлік арнайы техника мен сегіз адам келді", деп хабарлады ведомство өкілдері.