Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: depositphotos.com
Қарлы боран мен аязға байланысты бүгін еліміздің кей өңірлерінде оқушылар үйде оқытылады. Сонымен қатар, Қазгидромет еліміздің солтүстігінде күн күрт суытатынын ескертті,-деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
Павлодар қалалық білім басқармасы 1-11 сынып оқушылары 7 желтоқсанда қашықтан оқыту форматына көшетінін хабарлады. Сыртта -20, жел 14-20 м/с, көктайғақ.
Қостанайда бастауыш сынып оқушылары бүгін үйде оқиды. Ол жерде -25. Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ пен қарлы боран салдарынан Күршім және Глубоковский аудандарындағы бірнеше мектепте сабақ тоқтатылды. Абай облысында Бородулиха және Көкпекті аудандарының оқушылары үйден оқитын болады.
Сондай-ақ «Қазгидромет» 7 желтоқсанда Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында қолайсыз ауа райы және ластанған ауа болатынын ескертеді. Солтүстік Қазақстан облысында күн күрт суытады. Бүгін ауа температурасы -34-ке дейін төмендесе, 8 желтоқсанда -41-ге дейін төмендейді! Павлодар облысында -40 болады.