Bugin
Фото: depositphotos.com
Қырғызстандағы Баткен қаласында 54 жастағы әйел өз үйінің сарайында асылып өлді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы облыстың ішкі істер басқармасы өкілдері мәлімдеді.
ІІБ мәліметінше, қайғылы оқиға 3 желтоқсанда болған. 30 жастағы ұлы полицияға арыз беріп, анасын таба алмай жатқанын айтыпты. Оқиға орнына барған жедел қызметкерлер сарайдан 54 жастағы әйелдің денесін тапты.
Бұл дерек полиция басқармасында тіркелген.
Басылым мәліметінше, қайтыс болған адам күйеуімен бірге тұрған. 4 желтоқсанда марқұм жерленді. Туыстарының ешкімге шағымы жоқ.