ШҚО-да өрт шыққан үйден адамның мәйіті табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

YK-news жазуынша, қайғылы оқиға Глубокое ауданына қарасты Белоусовка ауылында болған.

"Өрт сөндірушілер келген кезде үйдің шатыры, жиһазы мен жеке заттар жанып жатқан. Үйден ер адамның мәйіті табылды. Жедел жәрдем дәрігерлері оның қайтыс болғанын анықтады", - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, марқұм 1954 жылы туған. Өлім себебін сараптама анықтайтын болады.

Айта кетерлігі, марқұмның көршілері оның иесіз қалған екі итіне жаңа қожайын іздестіріп жатыр. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61