Bugin

"Балаң өлді, көміп тастадық". Шымкентте полицейлер жоғалған жігітті анасына айтпай жерлеген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Түркістан облысының тұрғыны Боранкүл Орынбекова кенже ұлын бір жарым жылдан бері таба алмай жүргенін айтып, президенттен көмек сұрады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы azattyq.org сайтына сілтеме жасап.

Оған жергілікті полиция "балаң өлді, көміп тастадық" деген. Әйел көмілген мәйіттің өз баласы екеніне сенбейді. Боранкүл Орынбекова 32 жастағы кендесі Еркеболатты бір жарым жылдан бері іздеп жүр. Айтуынша, ұлын Шымкент қаласында біреулер былтыр маусымда көрген. Ақыры табылмаған соң, 2022 жылдың 28 қыркүйегінде полицияға арыз түсірген. 

Анасы құзырлы органдарды шағымға салғырт қарады еп кіналайды. 

"Ақпан айының 8-і күні Дәлбековке кірдім, генерал ІІД-де. Ол "Балаң өлген" деп 4-5 күнде тауып берді. Содан Дәлбековке бір аптадан соң қайта кірдім, онда күдікті нәрсе көп болды. Неге бұлар хабарламайды? Соқталдай жігіт өліп жатса, оны апарып көме салады. Іздеп таппайды. Неге?", - деді анасы.

Орынбекова ұлы өлді дегенге сенбейді, бұл істе шикілік бар деп ойлайды.

Тергеуші бойы 1,68 болатын ер адамды жерледік деген. Бірақ Еркеболаттың бойы 1,90 болған дейді ағасы.