Bugin
Фото:depositphotos.com
Федерация кеңесі 7 желтоқсанда өткен жалпы отырыста Ресейдегі президент сайлауының мерзімін бекітті. Парламенттің жоғарғы палатасының шешіміне сәйкес, дауыс беру 2024 жылдың 17 наурызында өтеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
"Ресей Федерациясы Президентінің сайлауы 2024 жылғы 17 наурызға белгіленсін. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.
Айта кетейік, Ресейдің қазіргі президенті Владимир Путин алдағы сайлауға қатысатынын әлі жарияламаған. Сонымен бірге, қарашаның басында БАҚ Ресей көшбасшысының бесінші президенттік мерзімге үміткер болуды шешіп, елді "бірнеше онжылдықтағы ең қауіпті кезеңде" "басқаруды" жоспарлағанын хабарлады. Путиннің өзі бұл мәселеге қатысты шешімін науқан басталғаннан кейін ғана жариялайтынын айтты.