Bugin

"Қашпашы, өтінем": Бишімбаев пен Нүкенова арасындағы хаттың скрині пайда болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: скриншот

Марқұм Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаевтың арасындағы кикілжіңнен кейін жазған хаттары тарады. Хат алмасудың скриншоты "Көреміз" бағдарламасында жарияланды,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бағдарламада белгілі болғандай, екі жас отау құрғаннан кейін арада 6 ай өткен соң Бишімбаев жас келіншегін жиі ренжітуді шығарған.

"Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың тойынан бейнелер жоқтың қасы. Жарияланған жалғыз видеода жас жұбайлар сырт көзге өте бақытты көрінеді. Алайда арада 6 ай өткен соң Бишімбаев әйелін жиі ренжітуді шығарған", – дейді бағдарлама жүргізушісі.

Айта кетейік, бұл хат алмасу қазанда болған. Бишімбаев Салтанаттан кетпеуін өтініп, түзелуге серт береді. Ізінше мешітке барған, күйеуінің сөзіне сенген жас келіншек қайта кешіріп, отбасындағы қиындықты барынша өзі шешуге тырысқан.

"Жазда төркініне барғанда ата-анасына күйеуімен қарым-қатынастары қиындап кеткенін, оның мінезі ауыр екенін айтыпты. Ата-анасы "жарайды, олай болса, үйге қайт" деген. Бірақ уақыт өтпей Бишімбаев Салтанатты райынан қайтарып, ұзақ уақыт бойы артынан қалмай, қайтып келуін өтініп жүрді. Қалай көндіру керегін жақсы біледі, ал Салтанат өте мейірімді, жанашыр қыз ғой, оны аяп қайта барды. Бишімбаевтың жан дүниесіндегі мәселені анықтау үшін оған жақсы отбасылық қарым-қатынас орнатуға көмектесер деген оймен психолог жалдады", – дейді Салтанаттың кіндік шешесі Мәрзия Оспанова.