Bugin

Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 7 желтоқсан күні Жәнібек ауданы аумағында болды.

"Сағат 08.15-те Көлтабан елді мекенінен 10 шақырым жерде 30 жастағы жүргізуші "Тойота Камри" автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылуына жол берген. Жол апаты салдарынан автокөлікте отырған 1940, 1945 және 1970 жылы туған жолаушылар оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен 1992 жылғы жолаушы түрлі жарақатпен Жәнібек аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр"- деп хабарлады ведомстводан.