Bugin

"Бір рет болса да құшақтап алғым келеді": Еуропалық әйел асырап алған қазақ баласы туған анасын іздеп жүр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

21 жастағы Эдди Жанды бала кезінде шетелдік әйел Қазақстаннан асырап алған. Туған кезінде Жәнібек есімді азамат Қазақстанда биологиялық ата-анасын іздеп жүр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Tengri Life журналисі Олжас Беркінбаевтың жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

Олжастың айтуынша, жас жігіт 2002 жылы 17 қаңтарда Арқалық қаласында дүниеге келген. 2004 жылы бүлдіршін   балалар үйіне түсіп, оны бельгиялық әйел асырап алған. Ол қазір Испанияның Мальорка қаласында тұрады. Алайда, қазіргі уақытта жігіт Астанада ата-анасын, әсіресе биологиялық анасын тапқысы келеді. Оның айтуынша, Жәнібек әйелдің үшінші баласы болуы мүмкін.

"Маған олардан ештеңе керек емес, мен анамның жүзін көріп, бір рет болса да құшақтап, жүрегімді тыныштандырғым келеді. Мен әлі күнге дейін анам туралы ойласам, уайымдаймын. Эмоциямды ұстай алмаймын",-деді жігіт.

Олжас жазғандай, Эдди Жан Испанияға 20 желтоқсанда қайтады.  Сондықтан ол барша қазақстандықтардан биологиялық анасын іздеуге қосылуды сұрайды.

"Қазақстан алыс. Қашан қайта келетінімді білмеймін. Қазақстанда мен басқаларға ұқсаймын, бірақ өз ана тілімде сөйлей алмаймын. Барлығы маған әлі күнге дейін біртүрлі қарайды", - дейді Жәнібек.

Олжас жігіттің бірнеше шет тілінде еркін сөйлейтінін, бірақ қазақ және орыс тілдерін білмейтінін де жазды.