Bugin
Фото: depositphotos.com
Қызылордада мұғалім екі оқушыға тиісті деген күдікке ілінді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Massaget.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға қалай болғанын Қызылорда облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жапырақ Ұзақбаева мәлімдеді.
6 желтоқсанда "102" арнасына Қызылорда қаласының тұрғынынан арыз түскен. Оның сөзінше, Қызылорда қаласы Білім бөліміне қарасты мектептегі пән мұғалімі кәмелетке толмаған 2 оқушының киімінің сыртынан жыныс мүшелерін сипалаған.
"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы бойынша соталды тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне тіркеліп, жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.