Bugin
Фото: «Қытай панорамасы» Telegram арнасы
Қытайдың Цзяннан кеме жасау зауыты 24 000 стандартты контейнер сыйымдылығы бар балқытылған тұз реакторымен жұмыс істейтін кеме жасау жоспарын жариялады. Компания Шанхайда өткен Marintec China көрмесінде ауқымды жобаны ұсынған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі bigasia.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мамандар қазір басты назар болашақ контейнер таситын кеменің электр стансасында екенін айтады. Бұл ториймен жұмыс істейтін ядролық реактор болуы мүмкін.
Сарапшылардың пікірінше, таза ядролық энергиямен жұмыс істейтін алып контейнер таситын кеме жасау – бұл саладағы жаһандық серпіліс болмақ. Жаңашылдықты DNV GL халықаралық жіктеу қоғамы қолдап, жобаға сертификат берді.
Айта кетейік, әлемдегі ең үлкен кәдімгі дизельдік контейнер таситын кеме де Қытайға тиесілі. Алып OOCL Felixstowe кемесін Dalian COSCO KHI кеме жасау зауыты құраған. Оған 24 000-нан астам контейнерді сыйдыра алады. Кеменің палубасы үш жарым футбол алаңындай және 22 қабатты ғимараттың биіктігіндей. OOCL Felixstowe 2023 жылдың тамызында іске қосылды.