Bugin
Фото: t.me/qarmet_news
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Теміртауда компания ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Qazaqstan Steel Group акционері Андрей Лаврентьевті таныстырды. Сондай-ақ, Qarmet компаниясын, бұрынғы "АрселорМиттал Теміртауды" Вадим Басин басқаратыны белгілі болды
Қазақстанда және Қарағанды облысында танымал кәсіпкер "АрселорМиттал Теміртау" активтерін сатып алды.
"Әрине, жаңа басшының алдында маңызды міндеттер тұр. Бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлерге жағдай жасап, әл-ауқатын арттыру қажет. Сондай-ақ әлеуметтік жобалар арқылы жергілікті қоғамдастықты дамытуға белсенді қатысып, көмек көрсету керек", – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Кездесуде Андрей Лаврентьев Вадим Басинді QARMET компаниясының бас директоры ретінде таныстырды.