Bugin
Фото: pexels.com
Желіде егде жастағы әйел жігіттермен танысып, оларды алдаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Байқоңыр ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Степногорск қаласының 49 жастағы тұрғынын анықтады. Келіншек интернет арқылы байланысқан елордалық ер адамдарды алдап соққан.
Қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, полицияға 37 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық бойынша арызбен жүгінген. Жәбірленуші "Друг Вокруг" қосымшасы арқылы бір қызбен танысқанын айтады. Әдемі қыздың суретін көріп, есі кеткен ол шынайы өмірде таныспақшы болып, сұлуды Астанаға шақырады. Кездесуге келіскен ару одан жолына ақша сұрайды. Оған 28 мың теңге аударған ер адам ақырында түксіз қалған. Виртуалды танысы кездесуге келмей, тіпті байланысқа шығуды доғарған.