Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: pexels.com
Желіде ер адамның соққыға жығылған видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Жетісу аудандық полициясының мәліметінше, оқиға түнгі сағат бірде Сейфуллин даңғылы мен Ақпаев көшесінің қиылысында болған.
Екі ер адам бейтаныс азаматты жанжалдасып қалғанының кесірінен ұрып-соққан.
"Жәбірленуші шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды, оны басынан таспен ұрған. Шабуыл жасаушылардың жеке басы бірден анықталды. Олар ұсталып, ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша тергеліп жатыр. Қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр", – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61