Bugin

Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фоо: pexels.com

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 32 жастағы жүргізуші мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 8 желтоқсан күні Сырым ауданы аумағында болды.

"Сағат 19.20-да Самара-Шымкент жолының 389-шақырымында 1991 жылғы жүргізуші "Seat" автокөлігімен қарсы бетке шығып кеткен. Содан қырғызстандық 34 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан "Вольво" жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.