Bugin
Ақтөбеде үш жасөспірім қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
8 желтоқсанда Ақтөбе қалалық полициясына "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиешісі қоңырау шалып, көмек сұрады. Ол сағат 23:00 шамасында орталықтың үш тәрбиеленушісі терезені сындырып, қашып кеткенін жеткізді.
Полиция кәмелетке толмағандардың орналасқан жері туралы білетін барлық адамнан "102" немесе 8 771 785 10 58 телефондарына қоңырау шалуды сұрайды.