Bugin

Газ құю стансаларының жұмысына жаппай шектеу енгізіліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

 Газ құю стансаларының жұмысына жаппай шектеу енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстанның Энергетика министрлігі өз атына бораған сыннан кейін қыс айларының басталуына байланысты елдегі барлық газ құю станцияларының жұмысы шектелетінін мәлімдеді. Энергетика министрлігі тұтынушыларды "жағдай тұрақтанғанша" үнем жасай тұруға шақырды.

Энергетика министрлігі мен "Худудгазьтаминот" компаниясының мәліметтері бойынша, ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты халық арасында табиғи газға сұраныс артқан. Бұл өз кезегінде "газ қысымының айтарлықтай төмендеуіне" әкеліп соқты.