Bugin

Университет ғимараты өртеніп, 14 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Университет ғимараты өртеніп, 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Kazinform  сайтына сілтеме жасап.

Ирак Күрдістаны жартылай автономды өңіріндегі Эрбиль провинциясына қарасты Соран қаласында ғимараттан өрт шығып, 14 адам қаза тпты, 18 адам зардап шекті.

Соран қаласының Денсаулық сақтау департаментінің мәлімдемесінде өрттің университет студенттері мен мұғалімдері тұрып жатқан үшінші және төртінші қабаттан шыққаны, одан әрі бесқабатты ғимаратты түгел алып кеткені айтылған.

Алдын ала тергеу жұмыстары өрттің қысқа тұйықталу салдарынан шыққанын көрсеткен. Өрт азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің көмегімен сөндірілген.