Bugin

Оқушылар қысқы каникулда неше күн демалады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылында қысқы каникул 29 желтоқсанда басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Қысқы каникул 2023 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады", – делінген хабарламада.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. 11 күндік көктемгі каникул 2024 жылғы 21 наурызда басталып, 31 наурызға (қоса алғанда) дейін жалғасады.

1-сынып оқушылары үшін 2024 жылғы 5-11 ақпан күндері аралығында қосымша бір апталық демалыс беріледі. Оқу жылы биыл 25 мамырда аяқталады.