Bugin

Павлодарда жоғалған оқушы қыздың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Pexels.com

2010 жылы туған жеткіншек аман-есен табылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Кеше басталған іздеу іс-шаралары таңғы төртке дейін жалғасты. Даша соңғы рет құрбысына қоңырау шалған барлық аумақ тексерілді. Қыз табылды, – деп жазды «VITA» еріктілері. 

Еске сала кетейік, облыс полициясының нарядтары, еріктілер № 5 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Дарья Шандрукты іздестірген болатын.

8 желтоқсанда полиция басқармасының кезекші бөліміне анасымен болған жанжалдан кейін сағат 23:00 шамасында жасөспірімнің үйден кетіп қалғандығы туралы хабарлама түскені анықталды.

Анасының айтуынша, ол бұрын да үйден кетіп қалып жүрген.